Ұлдар үшін (жасөспірімдер) – қысқа классикалық және моделді шаш қию үлгісі;

Ұлдарға арналған киім формасы:

Жоғарғы жағы: ақ көйлек (ешқандай түрлі-түсті жапсырмалар мен суреттерсіз), күрең түсті кофта немесе күрең пиджак (жылдың суық мезгілінде);

Төменгі жағы: классикалық қара шалбар (джинсы емес);

Аяқ киім: классикалық қара не қоңыр туфли;

Шашы: классикалықшаш қию үлгісі.

Ескерту: шашын ерекше түске бояуға, пирсинг, әшекей заттар тағуға қатаң тыйым салынады.

Қыздар үшін (бойжеткендер) – ұзын шаш жиналуы, орташа ұзындықтағы шаш қыстырмамен жиналып тұруы керек.

«Мұрагер» ММИ оқушыларының мектеп формасы үлгілері.

Қыздарға арналған киім формасы:

Жоғарғы жағы: ақ жейде (ешқандай түрлі-түсті жапсырмалар мен суреттерсіз), күрең түсті кофта немесе күрең пиджак (жылдың суық мезгілінде);

Төменгі жақ: белгіленген үлгідегі белдемша, ұзындығы тізеден жоғары емес,

Аяқ киім: классикалық қара туфли, өкшесі 2-3 см-ден жоғары емес;

Шашы: қысқа қиылған немесе жиналған;

Ескерту: макияж жасауға, кірпігін не тырнағын өсіруге, маникюр жасауға, шашын ерекше түске бояуға, пирсинг, қымбат бұйымдар мен әшекейлер тағуға қатаң тыйым салынады.